Тоқтар Төлешовтің ұлы бес жылға сотталды
2016 ж. 07 қараша
2365
0
Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешов әкесімен бірге сотталып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы NUR.KZ порталының тілшісі сот залынан хабарлайды.
Төлеген Төлешов сот залында босатылды. Үкімге сәйкес ол тұрақты мекенжайы мен жұмысын құзырлы органдарға ескертпей, ауыстыра алмайды.
Ал Тоқтар Төлешовтің өзі 21 жылға сотталды. Сот жабық режимде өтуде. Іс бойынша 25 сотталушы жауапқа тартылып жатыр.
Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағылған.
Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.
Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.