Байқоңырдың қауіпсіздігін енді Ресей гвардиясы қамтамасыз етеді
2016 ж. 06 қараша
1853
0
Ресейдің гаврдия жауынгерлері Байқоңыр кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.
"Олар нысанды қоластына алудың кей мәселелері шешілген бойда Байқоңырды күзететін болады", - деп мәлімдеді Ресей ұлттық гвардиясы әскерінің орталық округі баспасөз қызметінде.
"Мәскеу облысы бойынша Ресей ұлттық гвардиясы әскерінің орталық округі басқармасынан бір топ офицерлер мен округтің генерал-лейтенанты Павел Дашков Байқоңырға іссапармен барып қайтты. Дашковтың айтуынша, іссапардың мақсаты Байқоңыр кешенінің аймағында орналасқан Ресей гвардиясының құрамына ведомстводан тыс күзет пен арнайы жасақтың авиациялық отрядын енгізу мәселесін шешу", - делінген хабарламада.
Ресей тарабы аймақтағы қауіпсіздікті қаматамасыз етуде зор ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.
"Генерал-лейтенант Павел Дашков пен Николай Авдеев қалалық әкімшілік басшылығы, құқық қорғаушы органдар мен Ресей ұлттық гвардиясының әскерлері аймақтағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде зор ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.