Күлекбаев атышулы Челах отырған түрмеде жазасын өтейтін болды
2016 ж. 03 қараша
2748
0
Атышулы Руслан Күлебаевқа кесілген өлім жазасы бүгін-ертең орындалмайды. Тіпті, мүлдем орындалмай, лаңкес оны түрмеде өмір бойы күтіп өтуі де мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.
"Әрине бұл кісінің кінәсі дәлелденген. Өзі де мойындап отыр. Бұндай қылмыскерлерге өлім жазасы аса жеңіл болуы да мүмкін", - дейді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.
"Қылмыстық кодекс кей жағдайда өлім жазасын қолдануға рұқсат береді. Оның ішінде адам қазасымен аяқталған теракті кезінде. Сол себепті үкімді әділ деп есептеймін", - дейді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.
Алматыда қанды қырғын жасаған Руслан Күлекбаев кеше, 2 қарашада өлім жазасына кесілді. Осылайша он адамның өмірін қиған қарақшыға соңғы он жылда болмаған аса ауыр жаза беріліп отыр. Алайда үкімнің қашан орындалатыны белгісіз. Өйткені елімізде өлім жазасының орындалуына мораторий бар екені мәлім.
Сондықтан Күлекбаев Қостанай облысындағы ерекше режимдегі «Қара бүркіт» түрмесінде отырып, үкімнің орындалуын күтеді. Ал сол колонияда атышулы Владислав Челах та отыр.