ЕЛБАСЫ ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНДЕ НАМАЗ ОҚЫДЫ
2016 ж. 25 қазан
2947
8
Ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келген Нұрсұлтан Назарбаев Медина қаласында провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ән-Нәбауи мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.
Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.
Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтары өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.
Сауд Араб Корльдігіне Назарбаев 1994 жылы алғаш сапар шеккен болатын. Сол кезде уақытша жөндеуде тұрған пайғамбар мешітіне бас сұққан ол: "Мен жаратқан Иемізден қазақ халқына қайырым мен шапағат сұрадым" деп еді.
Аbai.kz