Мәдениет министірін айыптаған режиссерді сот кінәлі деп тауып, айыппұл салды
2016 ж. 25 қазан
4705
0
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған режиссер 1 миллион теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Baq.kz.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 11-12 шілдесінде режиссер Талғат Жәнібеков ғаламторда Мәдениет және спорт министрлігінің құзыреттілігіне және аталған мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бейнеролик жариялаған болатын.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, өз кезегінде, Талғат Жәнібековті ҚР ҚК 130 бабы 3-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгінді. Сот Т.Жәнібековтің БАҚ арқылы жариялаған ақпараты шындыққа жанаспайтынын, Арыстанбек Мұхамедиұлының абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін, оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiмет екенін анықтады.
25 қазанда Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ТЖәнібековті кінәлі деп таныды және оған 500 АЕК мөлшерінде (шамамен 1 млн теңгеден астам) айыппұл салды.