Күлекбаев жезөкшелерді "Алладан қорықпасаңдар, бәріңді жарып жіберемін" деп қорқытқан
2016 ж. 24 қазан
2131
0
Бүгін Алматыдағы Тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында мемлекеттік айыптау тарапы Күлекбаевтың Содникованы өлтіруіне қатысты айыптау қорытындысын оқыды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Уақытын тиімді пайдалану мақсатында көлікке келіп, ішінде отырған екінші Өмірзақованы алып, Содинкованың мәйтін алып, қалада жүрген. Жолда Өмірзақоваға «Сендер Алладан қорықпайсыңдар! Алладан кешірім сұра?! Алланың жолында қарсы шықсаңдар, бәріңді жарып жіберемін» деп қорқытқан. Өмірзақова өміріне қауіп төнгендіктен кешірім сұрап, өз әмианын Күлекбаевқа берген. Күлекбаев ішінде 7 мың теңгесі бар Өмірзақованың әмиянымен қоса, көлік ішінде тұрған Иманғалиевтің ішінде 42 000 теңгесі бар әмиянын алған. Жолда көліктің қызыл бағдаршамға тоқтағанын пайдаланып, Өмірзақова одан қашып шығып құтылған. Күлекбаев оны қумаған. Осыдан кейін Күлекбаев қаладағы бір дүкен алдына келіп көлікті қалдырып кеткен», - дейді прокурор Жарқын Бақашбаев.
Айта кетейік, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Руслан Күлекбаевқа қатысты қылмыстық істі аталған сот судьясы Ерлан Болатов жүргізіп жатыр. Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді. 2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды. Руслан Күлекбаевқа 8 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерін және 2 бейбіт тұрғынды өлтірді, террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.