Ішкі Істер министрлігінің тағы бір лауазымды қызметкері түрмеге қамалды
2016 ж. 30 қыркүйек
2580
1
Ішкі Істер министрлігінің тағы бір лауазымды қызметкері түрмеден бір-ақ шықты деп хабарлайды КТК арнасы.
Астана соты Криминалистика департаментінің бастығы Қайрат Аманқұловты 6 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін түгел тәркіледі.
1 жыл үйқамақта отырған еліміздің бас криминалисіне үкім оқылып болған бойда, қолына кісен салынған. Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп, 7 жылға дейін мемлекеттік қызметке жоламауы тиіс.
56 жастағы құрығы ұзын полковник осы лабораторияға криминалистикалық техникаларды сатып алу кезінде, тендерді бөліске салған. Яғни, құрылғылардың бағасын құжатқа еселеп жазып, бюджеттің 136 миллионын жымқырған. 6 жыл жазаға келіспеген Аманқұловтың адвокаттары апелляция жазып жатыр.