Бейбіт Атамқұлов: Негізгі міндет – халықты жұмыспен қамту
2016 ж. 19 қыркүйек
2552
1
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде өткен селекторлық мәжілісте облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына кеңірек тоқталды.Сондай-ақ жиын барысында аудандар мен қалаларда кәсіпкерлік пен кооперацияларды жаппай дамыту мәселесіне де айрықша мән берілді.
Осы тұста өңірде жұмыссыздықпен күреске ерекше ден қойылғандығын да айта кеткеніміз абзал. Облыс көлемінде жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы қаншама адамның табыс табуына мұрындық болып келеді.
«Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын» деді облыс әкімі .
Сондай-ақ, сүт өнімдеріне деген сұранысы жоғары өзге облыстармен де әріптестік байланыс орнату аймақтағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Жиын соңында Бейбіт Атамқұлов алға қойған ең басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту екендігін баса айтты.
Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
qazaquni.kz