Астанада Халықаралық кітапханашылар конгресі өтіп жатыр
2016 ж. 15 қыркүйек
3653
2
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» тақырыбында Халықаралық Кітапханашылар конгресі өтіп жатыр, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі.
Аталмыш шара Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруым жүзеге асып отыр.
Конгресс жұмысына әлем және ТМД елдері: Ресей, Молдова, Украина, Беларусия, Грузия, Әзірбайжан, Иран Ислам Республикасы Ұлттық кітапханаларының өкілдері, Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы (ИФЛА), Еуразия Кітапханалары Ассамблеясы (БАЕ) өкілдері, саясат және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, меценаттар, мәдениеттанушылар, баспагерлер, мәдениет, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен жауапты қызметкерлері және кітапханашылар қатысуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конгресстің басты мақсаты – қоғам назарын кітапханаларды дамыту мәселелеріне, мәдениеттің маңызды элементі ретіндегі оқуға аудару, ақпараттық қоғамның қазіргі заманғы талаптарына жауап іздестіру, электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және оны ақпараттық-кітапханалық мекемелерде пайдалану.
qazaquni.kz