Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды
2016 ж. 08 қыркүйек
2390
0
Қазақстан премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниге келген. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі Кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, Экономикалық даму және сауда министрі, «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі қызметтерін атқарған.
2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.