Құқық қорғаушылар енді ұялы телефонды ескертусіз бұғаттай алады
2016 ж. 08 қыркүйек
2318
0
Байланыс желілері арқылы шұғыл іздестіру шараларымен айналысатын органдарға байланыс желілері мен байланыс құралдарын бұғаттауға рұқсат беру көзделіп отыр деп xабарлайды BNews.kz.
«Сондай-ақ ұялы телефон саудасын тәртіпке келтіру мақсатында IMEI-коды бірдей телефондарды республика аумағына әкелуге тыйым салу қарастырылған. Ол үшін ел аумағында қолданылып жүрген барлық құрал-жабдықтардың IMEI-код базасын құру жоспарланып отыр. Соның бәрін абоненттер нөмірлерімен тіркеуге алу қажет. Осының арқасында құқық қорғаушылар шұғыл әрекет ете алады. Сондай-ақ контрафактілік өнімдердің көлемін азайтып, ұялы телефондарды ұрлау әрекеттерінің санын төмендетуге мүмкіндік бар», - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.
Оның айтуынша, қаржы министрлігі терроризмге қатысы бар деген операцияларды бақылай алады. Министрлікке кіретін қаржы мониторинг комитетіне құқық қорғау, арнайы және тағы басқа органдардың ақпарат алмасу жүйесіне кіруге рұқсат беріледі.