Өнер адамдарының ділгірліктері сөз болды
2016 ж. 22 тамыз
2026
0
Елімізге белгілі суретшілер Амандос Ақанаев пен Анарбек Нақысбековтың «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалында болып, шығармашылық адамдарына қатысты ұсыныстарын айтқанын бұдан бұрын да хабарлаған болатынбыз.
Бүгін аталған өнер өкілдері Алматы қалалық мәслихатының депутаты Федор Константиновпен кездесті. Олардың әңгімесін тыңдаған депутат шығармашылық адамдарының проблемаларына өзінің де алаңдайтынын, бұл мәселені маслихат отырысында көтеретінін баяндады. Сондай-ақ, ұзақ жылдардан бері қабылданбай келе жатқан «Мәдениет туралы заңды» тезірек қабылдауға атсалысу қажет екендігін атап өтті. Бұл мәселеге байланысты партия төрағасы Азат Перуашевтың атына хат дайындалып, фракцияның атынан депутаттық сауал жолдау мүмкіндіктері қарастырылуда.
Суретші А.Ақанаев өз кезегінде партия өкілдерін Алматы қаласында өтіп жатқан сурет көрмесіне шақырды. Кездесуге «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, ОК хатшысы Арман Сқабылұлы, Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Ақжоловтар қатысты.
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.
qazaquni.kz