Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді
2016 ж. 22 тамыз
9658
0
Қыдырәлі Болманов өзінің жеке өміріне араласқан қолданушыларды аямай сынап тастады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол «бұрын бірінші отбасы болған және оның бірінші әйелі - бұрынғы «Ақжүніс» бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединова» деген халық арасында таралып кеткен қауесет сөздердің шындыққа жанаспайтынын айтып салды.
Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина желіде шаңырақ көтергендеріне 17 жыл толғанын айтып, бөліскен болатын. Олар бұдан 17 жыл бұрын Алматы қаласында, дәл тамыздың 20-ы күні шаңырақ көтерген-ді. Бұл туралы Қыдырәлі өзінің желідегі парақшасына былай деп жазды:
«Осыдан 25-жыл бұрын бойдақ болатынмын... Арман, мақсат көп...Сол армандардың ең бастыларының бiрi лайықты, тәрбиелi, ақылды, сабырлы, саналы, сұлу, бiлiмдi - ең бастысы, адал, ниеті түзу, өзіңді түсіне жане бағалай білер, туған-туыстарыңмен тіл тауып құрметтей алар, ар, абыройыңды сақтай алар, балаларыңның анасы бола алатын, жаныңа жар табу...».
Болмановтың айтуынша, Қарақатқа дейін оның жүрегінен үміткер небір хас сұлулар болған. Тіпті, бастық әкелердің өздері оған келіп, қыздарын бермекке ұмтылып, оған «құда түспекші» де болған екен. Олар әншіге үй де, жұмыс та, мансап та әпереміз деп уәде еткенімен, Қыдырәлі оларға бұрылып та қарамаған көрінеді. «Бiрақ қанша сұлу болса да, сол сұлулардың ешқайсына бұрыла алмадым... Маған өмiрлiк жар болатын қызды көре де, сезе де алмадым...», - дейді ол.
Осылайша, ол өмірлік жары Қарақатты кездестірген кезде, екі сағаттың ішінде оның өзіне лайық адам екенін түсінгенін айтады. Болашақ жарын өзі іздеп барып, жатақханадан қалай тауып алып, онымен қалай шаңырақ көтергеніне дейін баяндап берді әнші. Желі қолданушыларының дені оларды осы қуанышты мерейтойымен құттықтап, бақытты ғұмыр тіледі. Дегенмен, қолданушылар арасынан Қыдырәлінің бірінші отбасы болған деген кеткен қауесет сөздерге қатысты түсінік беруді талап еткен қолданушылар да болды.
«Құтты болсын аға! Жасай беріңіз, жарын құрметтеген азамат болса сіздей-ақ болсын! Еңбегіңіз жансын! Бір сұрақ қойғым келді, айып етпеңізші... «Əйел бақыты» бағдарламасына кезінде «Ақжүніс» бағдарламасын жүргізген Сəуле Əбединова қонаққа келгенде Лəйла Сұлтанқызы оған «сіз Қыдырәлі Болмановтың бірінші əйелі деген сөз бар» деп сұрақ қойды. Сол қаншалықты рас?», «Аға сізді көбі Қарақатқа дейін үйленген болатын деп айтады, осы сұраққа өз аузыңыздан жауап естісек. «Әйел бақытында» Сәуле ханым келгенде сіз сол кісінің бірінші күйеуі деп көп айтылған болатын», - деген сұрақ қойды әншіге желі қолданушылары.
Тыңдармандарының мұндай сұрақтары мен көптен таралып кеткен қауесеттер әншінің ашуына тиіп кеткенге ұқсайды. Ол бұл қолданушыларға өсек-аяң тарату деген ауыр күнә екенін айтып, оларды сынның астына алды.
«Оны Ләйла мен Сәулеге қойыңыз. Сәулеге ешқашан үйленген емеспiн. Алла сақтасын, не деген фантазия?», - деп таңданды әнші.
«Өсек-аяң терiп жане оны шығаратындар, өте үлкен күнә жинаушылар...Әйел адам бөтен еркекке сұрақ қоюға, жөн сiлтеуге ешқандай қақысы жоқ... Мен еркекпiн, тоқал аламын ба, алғым келсе ешкiмнен сұрамаймын. Алғым келмесе, ешкiм алдыра алмайды! Намысым да, сөзiм де кесек екенiн 25-жыл көз алдарыңызда өсiп келемiн, ТВ-дан түскен емеспiн, менiң жылтырбет, ұрланып жүрмейтiн еркек екенiме санаңыз арқылы сараптасаңыз көзiңiз әбден жетiп тұр. Сондықтан менiң жеке өмiрiмде, жанұямда шаруаларыңыз болмасын. Және менде тастап кеткен бала-шаға жоқ. Алғашқы ақ некелi жарым да Қарақат. Жаңағы Сәуле, Ләйләлардың әңгiмесiне еш қатысым жоқ!», - деді ашуланған әнші.