Танымал отандық журналист боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады
2016 ж. 13 тамыз
3554
6
Белгілі журналист Асхат Садырбай әлеуметтік желілерде ширек финалдан әрі аса алмаған отандасымыз, боксшы Біржан Жақыповқа қолдау көрсетті. Сондай-ақ, керуеттен тұруға еріне тұра спортшыларға мін тағатын жандарды сөкті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
"Қай спортшыға болмасын оңай емес. Айлап, жылдап үй бетін көрмеу, салмақ қуу, оны ұстап тұру, қара тер жаттығу. Әлем жұртшылығының алдына шығып сайысқа түсу… Моральдік тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да қиын. Бірақ сонда да финалға шығып алтын алу, ширек финалға дейін жету – жеңіс. Олимпиадаға келіп тұрып қатыса алмай, қатысса да бірінші айналымнан ұшып кетіп жатқандар бар. Олимпиададан абыроймен оралып, абыройсыз қалғандар және жеңіліп келіп жеңіске жеткендер қаншама?!", – деген ол Біржан Жақыповқа ерекше жанкүйерлік еткенін, спортшының қанша жылғы мақсаты мен төккен төріне куә екендігін жасырмады.
"Болашақ жаттықтырушылардың, бапкерлердің сағын сындырмайық. Ал, осындағы "сыншыларды" 1 апта емес 1 күн жаттығу залына апарса, көрер едім. Кереуеттен бір жерін көтеруге ерінетіндер ел мақтаныштарын жерге ұруға ұста", – деп жалғады сөзін журналист.
Ал желі қолданушылары екіге бөлінді. Олардың бір тобы Асхат Садырбайды қолдаса, екіншілері Біржан Жақыповты айыптады.
"Біржанда жылдамдық қалмаған, жастарға орын беруі керек еді", – дейді Нұртас есімді жанкүйер.