Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыласы Майкл О'Райли допингімен ұсталды
2016 ж. 11 тамыз
2366
0
Ирландиялық боксшы Майкл О'Райли ағзасында тыйым салынған заттар болғанын мойындады. Сол үшін ол 4 тамызда жарыстан шеттетілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған дейін Ирландияның ҰОК спортшының 2016 жылғы Олимпиадада шықпайтынын мәлімдеді.
- Тыйым салынған затты абайсыздан пайдаланғанымды мойындаймын, - деген О'Райли. - Құрамында осы зат бар дәрі қабылдаған шығармын. Атап өту керек бұл жағдайдың біздің федерацияға немесе командамызға еш қатысы жоқ, деп жазады sport-express.ru.
Ирландияның орта салмақтағы боксшысы жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыласы саналып келді.
Еске сала кетсек, 75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фаулермен жұдырықтасты. Нәтижесінде айқын басымдылықпен ұтып келесі кезеңге жолдама алды.
Жәнібек Әлімханұлы 1/8 айналымда алжирлық боксшы Ильяс Аббадиға қарсы шығады.