Нұрсұлтан Назарбаевтың немере жиені Айсұлтан әлеуметтік желіде жұртты толғандырған сұраққа өзі жауап беруді ұйғарды. Ол жақында ғана дүниеге келген қызына қандай есім бергенін жария етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Айсұлтан Назарбаев: Абылайханның арманы бүгінде орындалды
2016 ж. 07 шілде
3029
6
«Достар, сіздерге алғыс айтқым келеді. Қызымның дүниеге келуінің өзі біз үшін үлкен бақыт болды. Бірақ сіздер өздеріңіздің пікірлеріңізбен сол бақытымызды еселей түстіңіздер. Көбі қызыма қандай есім бергенімізді сұрап жатты. Бізде ешқандай құпия жоқ. Біздің сұлуымыздың есімі Амели Назарбаева. Барлықтарыңызға жас отбасымызға білдірген ыстық ықыластарыңыз үшін үлкен рахмет. Жүректеріңіздегі ізгілікті Ұлы жаратушым өздеріңізге жүз еселенген көлемде қайтарсын», - деп жазды Айсұлтан Назарбаев желідегі жеке парақшасында.
Сонымен қатар ол нағашы атасын туған күнімен құттықтап, жүрегіндегі тебіреністерін төмендегі сөздермен жеткізуге тырысты.
«Бүгін ерекше қуанышқа толы күні – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні. Жасырмаймын, аталмыш тұлға жайында сөз алғанда жүрегім ерекше тебіреніске толады. Бір жағынан оны түсіндіру оңай – мен Президенттің немересімін ғой. Сонымен қатар мен өз елімнің азаматымын, осы жерде өмір сүретін және сезінетін Қазақстанның перзетнімін», - деп бастады Айсұлтан атасына арналған құттықтау сөзін.
Сондай-ақ, сонау тарихтан күні бүгінге дейін қазақ халқының кешкеніне көз жүгірткен Президенттің жиені 550 жылдық тарихы бар ұлттың бүгінде көсегесі көгеріп, қуаныштан төбесі көкке жетіп отырғанын мақтан етті.
«Абылайханның арманы бүгінде орындалды. Оны бірде-бір хан орындай алмағанда, тұңғыш заңды Президентіміз жүзеге асырды. Қуатты да данышпан көшбасшы бастаған жігерлі халқымыз 25 жылда бұған дейін ғасырлар бойы атқарылмаған істерді тындырды. Меніңше, бұл – бірлік, бейбітшілік пен келісімің арқасында кез келген ерлікке дайын ұлы халықтығымыздың бірден бір дәлелі. Сондықтан қазіргі жетістігін Абылай ханның өзі мақтан тұтарлық қазақ халқының осындай көшбасшысы барына Аллаға мың шүкір дейміз», - деп жазды Айсұлтан.
Сөз соңынан: «Ата, Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық тілеймін. Алла-Тағала Сізге ең ұзақ өмір берсін!», - деп аяқтады тілегін.