Жақсыбеков жаңа қызметке тағайындалды
2016 ж. 21 маусым
1956
0
Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сәйкес жарлық Президенттің ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы болған Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды.
Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде 2014 жылдың 22 қазанынан бері болды. Ал оған дейін жарты жыл бойы мемлекеттік хатшы қызметінде еді. 2009-2014 жылдары ҚР қорғаныс министрі, 2008-2009 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды.
Дерек көзі: tengrinews.kz