Нұрлан Нығматуллин мәжіліс депутаты атанды
2016 ж. 21 маусым
3297
2
Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Нұрлан Нығматулин парламент мәжілісінің депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz.
Қазақстан Респуликасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Респуликасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-1 бабының 6 тармағына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді Қазақстан Респуликасы парламенті мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Р.Склярдың депутаттық өкілеттігі Қазақстан Респуликасы ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.
Дерек көзі: Baq.kz