Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді тоқтатату туралы заң жобасын мақұлдады
2016 ж. 15 маусым
2899
3
Мәжілісте жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жасауға Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлық себеп болды.
"Барлығымыз білетіндей, жер қатынастары саласында шыққан мәселелерге байланысты Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы жарлығы бойынша жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізілген болатын. Нақтылап айтқанда, бұл ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының нормаларын жүзеге асыру; Екіншісі, шетелдіктерге ұсыну, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар жарғылық капиталында 50 пайыздан аса үлесі шетелдіктердің меншігіндегі заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылық жер учаскелерін жалға алу шартымен ұсынуға. Үшінші норма мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылығындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығына беру", - деп хабарлады вице-премьер - ауыл шаруашылығының министрі Асқар Мырзахметов.
Ол осы нормаға байланысты Үкіметке сәйкес тапсырма берілгенін атап өтті. "Сіздерге қарастыруға ұсынылған заң жобасы осы тапсырманы жүзеге асыруда жасалған", - деді министр.
Заң жобасы екі оқылымда қабылданды.
Дереккөзі: tengrinews.kz