"Бек эйр" әуе компаниясы атауын өзгертті
2016 ж. 26 мамыр
1998
1
"Бек эйр" әуе компаниясы ребрендинг процедурасын бастады, оның нәтижесінде атауы "Халық эйр" болып өзгереді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жетекшісі Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлады.
Оның айтуынша, бұл шешім компанияның "Әуе компаниясы халық үшін" деген ұранына жақындату үшін жасалыпты. "Ребрендингке белгілі бір уақыт қажет. Заңды атауы "Халык эйр", ал коммерциялық атауы және сауда маркасы әзірше "Бек эйр" болады. Халық бір екенін түсінсе, біз процедураны аяқтаймыз", - деді ол. Оның айтуынша, процедураға бір жылдан екі жылға дейінгі уақытты алады.
Жұмасұлтановтың айтуынша, жолаушылар әуе кассаларында билеттерді "Бек эйрден" сатып ала береді. "Ештеңе өзгерген жоқ, компания халыққа жақын бола түсті. Ұшақтар да, ұшқыштар да бұрынғысынша қалды. Әуе компаниясының заңды атауы "Халық эйр". Таяуда азаматтық авиация комитетінің құжаттарды аламыз. Онда "Бек Эйр" деген коммерциялық атауы да болады. Уақыт өте келе "Халық эйр" болады. Мұндайды көптеген компания басынан өткереді", - деді ол.
Дерек көзі: tengrinews.kz