Соңғы 11 жылда елімізге 220 млрд. доллар шамасында инвестиция тартылған
2016 ж. 17 мамыр
2199
0
Қазақстан өзінің индустриалды саясатын дағдарысқа қарамастан жалғастырып келеді. Соңғы 11 жылда елге 220 млрд. доллар шамасында тікелей шетел инвестициясы тартылған.
Бұл туралы Астанада өткен Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту мақсатындағы дөңгелек үстелде ҚР инвестициялар жəне даму министрі Әсет Исекешов айтты. Индустриаландыру бағдарламасы аясында бір ғана өңдеу саласының өзіне 2005 жылдан бері 77% инвестиция әкелінген. Алайда, экономикалық дағдарыс Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің инвестициялық жағдайына әсер етіп отыр. Мәселен, инвестиция тарту Канадада –16%, Австралияда –33%, Чилиде – 38%, Африкада – на 31%, Латын Америкасында –11%, Ресейде - 92% төмендеген. Қазақстанда да инвестициялық көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда, 37,5% азайған. Енді Инвестициялар жəне даму министрлігі инвестициялық климатты жақсартуға күш салмақ.
qazaquni.kz