Дереккөздің мәліметінше, ОҚО әкімдігінің қызметкері осы уақытқа дейін өзге қалада болған көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, ол құмар ойын ойнаған болуы мүмкін. Істің анық-қанығын полиция өкілдері анықтайтын болады.
Естеріңізге салайық, Амангелді Ақынов 11 мамыр күні кешке жұмысынан шығып, үйіне сол күйі оралмаған. Ол ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің маманы болған көрінеді. Соңғы рет осы күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйге кеш оралатынын айтып хабарлама жазыпты. Мұнан кейін оның ұялы телефоны сөндірілген.
Ұлының жоғалғандығын Амангелдінің әкесі араға бес күн өткеннен кейін ғана полицияға хабарлаған.
Естеріңізде болса бұған дейін ОҚО баспасөз қызметінде жұмыс істейтін жас жігіттің жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Дерек көзі: sn.kz