"Жер комиссиясының" отырысы басталды
2016 ж. 14 мамыр
2696
17
Бүгін Астанада жер мәселесі бойынша құрылған комиссия отырысы басталды. Ұлттық мұражайда жұмысын бастаған комиссияға төрағалық етуші премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бұл комиссия «жерге қатысты дауласу үшін емес, бірлесіп шешім қабылдау» үшін жиналып отырғанын айтты.
Бұған дейін премьер-министр Кәрім Мәсімов қаулысымен құрамына 75 адам – парламент депутаттары, үкімет мүшелері, саяси партиялар мен агробизнес, салалық қауымдастықтар өкілдері, ғалымдар мен қоғам белсенділері енген комиссия құрылған. Комиссияның бүгінгі отырысына оның құрамына енген адамдардың басым көпшілігі қатысып отыр.
Жер реформасы бойынша комиссия жер кодексіне енгізілген бірнеше өзгерістің күшіне енуіне мораторий жариялаған соң құрылған. Мораторий Қазақстанның бірнеше аймағында қалада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсы митингілер өткен соң енгізілген.
Дерек көзі: Азаттық