Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру және пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді
2016 ж. 07 сәуір
2865
0
ҚР «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №163 қаулысы
2016 жылғы 31 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №5, 88-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында: 5-3 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5-3. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек қан тамырлары және басқа да асқынған аурулармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай - олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. (қолы қойылған)
qazaquni.kz