Жетпегені осы еді! Қыздар дүкенге қарулы шабул жасады
2016 ж. 28 наурыз
2473
0
Талдықорғанда дүкенге қарулы шабуыл жасады деген күдікпен екі қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 27 наурызға қараған түні Талдықорғанның шеткі жағында орналасқан Үйтас ықшамауданында болған. "Осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 және 17 жастағы екі қыз ұсталды. Екеуі де жақсы отбасыдан шыққан. Олар бізге берген түсінігінде мұндай іске балалық қызығушылықпен барғанын жеткізді", - делінген ІІД хабарламасында.
Тексеру барысында екі қыздың әлеуметтік желі арқылы танысып, бұл іске ұзақ уақыт бойы дайындалғаны анықталды. Шалғайда орналасқан дүкенді алдын-ала таңдап, түнгі уақытта қолдарына пышақ пен тас алған олар сатушыдан ақша талап етеді. Дегенмен дүкеннің иесі екі қызды ұстап алып, полицейлердің қолына тапсырған.
Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелет жасына толмағандықтан, жеткіншек қыздар ата-аналарына кепілге берілді.
Дерек көзі: tengrinews.kz