Қай партияға қанша мандат берілгені анықталды
2016 ж. 22 наурыз
6929
27
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 7 пайыздық межеден көп дауыс жинаған үш партия арасында Парламент Мәжілісіндегі депутаттық мандаттарды бөлу туралы қаулы қабылдады.
Барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сүйенсек, сайлауда тізімге енген 9 млн 810 мың сайлаушының 7 млн 966 мыңы дауыс берген. Соның ішінде, «Нұр Отан» партиясы үшін 6 млн 183 мың 757 адам (82,20 пайыз) дауыс берген. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін 540 406 (7,18 пайыз)адам дауыс берген. «Ауыл» партиясы үшін 151 285 адам (2,01 пайыз) дауыс берген. Қазақстан коммунистік халық партиясына 537 123 дауыс немесе 7,14 пайыз. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 88 813 адам дауыс (1,18 пайыз), «Бірлік» саяси партиясына 21 484 (0,29 пайыз) адам дауыс берген.
«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7 және одан көп пайыз дауысын жинаған үш партия, «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан халық коммунистік партиясы» анықталып отыр. Заңға сәйкес, осы үш партия Парламент Мәжілісіне өз кандидаттарын ұсынады. Бұл саяси партиялар арасында депутаттық мандаттар келесідей бөлінсін:
«Нұр Отан» партиясына 84 мандат;
«Ақ Жол» партиясына 7 мандат;
Қазақстан коммунистік халық партиясына - 7 мандат», - деп мәлім етті бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында комиссия төрағасы Қуындық Тұрғанқұлов.
Дерек көзі: ҚазАқпарат