Ассамблеядан сайланған тоғыз депутат
2016 ж. 21 наурыз
3083
1
«ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес, Ассамблея мүшелері ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беруді аяқтады.
«Сайлаушылардың жалпы саны - 446 адам. Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны - 372. Дауыс беруге 372 сайлаушы қатысты. Үміткерлерге берілген дауыстардың саны келесідей: Әбдраxманов Сауытбек Әбдраxманұлы - 345, Божко Владимир Карпович - 349, Жұмаділдаева Наталья Васильевна - 343, Ким Роман Ухенович - 346, Микаелян Наринэ Гамлетовна - 336, Мурадов Ахмед Сейдарахманович - 339, Нурумов Шаймардан Усаинович - 337, Тимощенко Юрий Евгеньевич - 341, Хахазов Шакир Хусаинович - 342», - делінген Астана қалалық сайлау комиссиясының xаттамасында.
«ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 94-1 - бабына сәйкес, ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижелері ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланған үміткерлердің тізімін Орталық сайлау комиссиясы 27 наурызға дейін жариялауы тиіс.
«Алдын ала нәтижелер жарияланды. Негізгі қорытындысын ҚР Орталық сайлау комиссиясы шығарады. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді», - деп атап өтті Қазақстан xалқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады.
Еске сала кетейік, 2 наурыз күні ҚХА атынан 9 үміткер: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгеньевич, Хахазов Шакир Хусаинович тіркелген болатын.
Дерек көзі: ҚазАқпарат