Қазақ тарихын жаңаша жазатын кез келді
2010 ж. 14 желтоқсан
1215
0
Жақында Қазақстан Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтында «Жасампаз жылдар және ұлттық тарихнама басымдықтары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылыми мәжілістің ашылу рәсімінде Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстанның тарихы теориялық-методологиялық дағдарыстан шықты. «Бұл дегеніміз, біздің тарихшылар бұрынғы маркстік-лениндік психологиядан арылды.
Қазіргі кезде оны жаңадан шығып жатқан кітаптардан анық көруге болады. Ондай үрдіс барлық тарих институттары жариялаған еңбектерден байқалады. Сондықтан біздің пайымдауымыз бойынша Қазақстанның тарихы ғылымы сара жолға түскендей», - дейді Б.Аяған. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген белгілі саясаттанушы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әзімбай Ғалидің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның тарих ғылымында бұрынғы кеңестік идеологиядан шыға алмай жүрген мамандар әлі де бар. Бұған дейін Компартияның тарихын жазса, бүгінде олар Қазақстанның тарихын жазуға кірісті.
Қазақстанның тарих ғылымында бұрынғы кеңестік идеологиядан шыға алмай жүрген мамандар әлі де бар«Оның тарих ғылымына келтіретін өзіндік залалы бар. Сондықтан кадр мәселесінде жаңаша ойлау және озық ойлы мамандарға көбірек қолдау көрсету қажет. Мәселен, Германия ескі идеологиясы бар кадрларды тарихтан аластау саясатын жүргізді. Бұл үрдісті «люстрация» деп атады. Бізге осындай жұмыс жетіспейтін сияқты. Жалпы, бізде тарихты жаңаша жаза алатын ғалымдар тобы бар. Оларға жол беру қажет», - дейді ғалым Ә.Ғали.