Бағдарламадағы басым бағыт – отандық өндірушіні қолдау
2016 ж. 11 наурыз
2299
9
2016 жылдың 4 наурызында үгіт-насихат шаралары аясында «Ақ жол» партиясының жетекшісі А.Перуашев және Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Қ.Иса, Е.Барлыбаев, Б.Дүйсембинов, Р.Арынғазиндер Павлодар облысында еліміздегі сүт өнімдері саласындағы жетекші кәсіпорнның бірі «ФудМастер» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының бағдарламасымен қысқаша таныстырып, сайлауалды бағдарламадағы басты бағыттар мен басымдылықтарға тоқталды. Ол партия бағдарламасының негізгі басымдылықтары – отандық өндірушілерді қолдап, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қаблеттілігін арттыру деді. Сонымен қатар «Мемлекет пен бизнестің басты жауы жемқорлық. Жемқорлардың құлқынынан Қазақстаннан шетелге әкетілген халықтың миллиардтаған қаражатын қайтаруымыз керек» деп атап көрсетті.Кездесуге жиналғандар зейнетақы қоры, ақылы медицина, білім беру саласы бойынша сауалдар қойды. Кездесу соңында кәсіпорын ұжымы «ақжолдықтарды» өздерінің сүт өнімдерінен дәм татқызды. Одан кейін А.Перуашев пен Республикалық сайлау штабының мүшелері Павлодар «Мұнайхимия» Зауытының ұжымымен кездесті.
Мақаланың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді