Мерзімі бір жылдан асып кеткен айыппұлды төлеу қажет емес - министр
2016 ж. 06 наурыз
7864
7
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бір жыл ішінде төленбеген айыппұл күшін жоятынын мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы порталы.
Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогына мерзімі бір жылдан асып кеткен жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұлдардың төлену тәртібі туралы түскен сұраққа осындай жауап берілген. Блогта бұл сұрақтың жиі көтерілетін мәселе екені айтылған. Олег Арестов есімді сұрақ қоюшы жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың мерзімі бір жыл уақыт өткен соң сот арқылы орындалмаса ӘҚБ 890-бабы негізінде күшін жоятын немесе жоймайтынын сұраған. «ҚР ӘҚБ кодексі 890-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бір жыл мерзім ішінде орындалмаса одан әрі орындауға жатпайды», - делінген министр блогындағы жауапта. Дереккөз: Nur.kz