Көлігіңіз не себепті тіркеуге қойылмайтынын біле жүріңіз
2016 ж. 04 наурыз
3217
0
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері Қазақстанда көліктің қандай жағдайларда тіркелмейтінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі комитеттің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Хабарламада автомобиль жүргізушілерінің көлікті сату кезінде немесе тіркеуден шығару кезінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеуді міндеттелетін жағдайларының жиі болатыны айтылған. Полициядағылардың айтуынша, мұндай талаптар қазіргі заңнамада қарастырылған.
Сонымен, көлікті тіркеуден шығару немесе қою кезінде қандай талаптар болады?
1) Жаңа көлік құралдарына халықаралық келісімшарттармен сәйкес беріліп, Қазақстанда ратификацияланған әрі Заңның 61-бабына байланысты ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен бекітілген сертификаттары жоқ болса;
2) Егер ҚР территориясында тіркеліп, қайта тіркеуге ұсынылған көліктің міндетті техникалық қараудан өтуі туралы құжат жоқ болса;
3) Тіркеу құжаттары жоқ болса;
4) Көлік құралының өндіруші салған идентификацияларының жоқ болуы, қолдан жасалуы, жасыру, өзгеруі немесе номер агрегаттарының маркировкасының жойылуы;
5) Көлік құралының идентификациялық маркаланған сипаты бар конструкциясының ауысуы, бұл Заңның 72-бабында қарастырылған.
6) Қолдан жаслаған құжатты ұсыну жағдайларында;
7) Көлік құралының іздеуден табылған жағдайында.
Дерек көзі:tengrinews.kz