Дұрыс тамақтану ережелері
2016 ж. 04 наурыз
19129
3
Дұрыс тамақтану бүгіндері қажеттілік қана емес сəнге де айналды. Артық салмақ жаһандық мəселеге болғалы бері əрбір адам, мейлі қыз бала болмаса ер адам салмақ қосуды дұрыс көрмесі анық. Əрине, қатаң диета ұстану, тек түрлі дəрумендерге бай азық-түліктерді тамаққа пайдалану кез келген адам үшін оңай, қолжетімді болмауы мүмкін. Дегенмен, ерік-жігер мен төзімділік қажет нəтижеге жеткізетінін бəріміз білеміз. Төменде біз ұсынған біраз кеңестер пайдаңызға жарар деген үміттеміз.
Бір стақан (немесе 2) суды əрбір тамақтану алдында ішу. Судың күндік мөлшері 1,5-2 л (мұның ішіне қалауыңызға қарай қантсыз көк шайды қосуға болады). Су аштық сезімін қадағалап, зат алмасуды ретке келтіреді. Қажетті мөлшерде су ішіп жүру арықтауға өз септігін тигізеді. Күніне 1,5 литр су ішу сіз үшін тұрақты ереже болсын. Бұл мөлшерге шай мен түрлі шырындарды қоспаңыз. Адамның денесінің 55-70 пайызы судан тұратынын есептесек, ол барлық алмасу, қышқылдану, термо реттеу және басқа да процестерге қатысады. Физикалық жаттығулар, ыстық кезде немесе ауырғанда адам ағзасына одан да көп су қажет.
Зиянды/каллориясы көп тағамды түскі сағат 12-ге дейін жеуге болады.
Рациондағы барлық гарнир түрін көкөніске алмастыру қажет.
Шұжықтар, сосискалар, т.с.с. бас тартыңыз. Бұл тағамдардың тек дене бітіміңізге ғана емес, денсаулығыңызға да берер пайдасы жоқ.
Тамақты 2,5-3 сағат сайын аз ғана бөліктен жеп тұрыңыз.
Ұйқыға жатардан бұрынғы тамақтану уақыты 3-4 сағат.
Аптасына бір рет ашығу күнін жариялаңыз (сүзбе/көк шай).
Спорттық жаттығулар. Тренажерлық зал, кардиожаттығулар, жаяу жүру, баспалдақпен бірнеше рет көтерілу/түсу.
Тамақтану кезінде су ішпеу керек жəне тамақтанып болған соң да 40 минуттай сұйықтық ішпеу.
20 грамм майды күндікке ішкен пайдалы (кеуде, шаш, тері үшін). Мəселен зығыр майының бір ас қасығын таңертеңгілік аш қарынға ішуге болады немесе қазір пайдасына көп ден қойылып жүрген қара зирені (тмин) ұсынылымына қарай пайдалану.
Таңертенгілік ас міндетті түрде ішілуі тиіс.
Ұннан жасалған тағамдарды жəне тəттілерді шектеу немесе мүлде жемеу (жеміс-жидекпен алмастыру).
Таңертең ұйқыдан оянған соң өзіңізге ыңғайлы кез келген жаттығу түрін жасаңыз. Ол қан айналымын жəне зат алмасу процесін жақсартады.
Асықпай шайнаңыз. Жалпы тамақтануға көбірек уақыт бөліңіз. Миға тойғанымыз жайлы белгі жеткенше, біз тойып та, артық жеп те үлгереміз. Сондықтан барынша ақырын, асықпай тамақтаныңыз. Сондай-ақ тамақ жегенде теледидар қарау әдетінен арылыңыз. Ми фильмді түсінуден босамай, не, қандай мөлшерде жегеніңізді байқамайды. Артық жеп қоймау үшін асыңызды кішкентай тәрелкеге салып жеуге болады.
Рационыңызға өңделмеген дәнді дақылдарды қосу арқылы салмақты қадағалай аласыз. Ботқалар, астық дәндерінен нан, мюсли, қоңыр күріш сынды тағамдардың құрамында көптеген дәрумендер мен пайдалы заттар болады. Ағзаңыз осындай тамақ үшін сізге риза болып, іштің қабынуы, артық салмақ, тері кемшіліктері, асқорытудағы қиындықтардан аман қалады.
Дерек көзі: ҚазАқпарат