Ақжолдықтар «Шындықпен бетпе-бет» келді...

DSC_4647 Елімізде Мәжіліске сайлау науқаны басталған бірінші күні «Ақ жол» демократиялық партиясының басшылары мен еліміздің ең жоғарғы заң шығару құрылымына үміткерлер Ақжайық еліне арнайы ат басын тіреді. Партия жетекшісі Азат Перуашев, оның орынбасары Қазбек Иса, партияның республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жамбырбай Доспаев, Серік Ерубаев, Кеңес Әбсаттаров Батыс Қазақстан бөлімшесі белсенділерінің ұйымдастырған әртүрлі іс-шараларына қатысты.

Кездесу барысында ақпараттық, танымдық, ағартушылық, іскерлік және қоғамымыздағы рухани мәселелер кеңінен сөз болды. Бірінші күннің алғашқы жартысында Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында қазіргідей әлемдік экономиканың құбылмалы күндерінде әркімнің өз ісі мен шаруасын мейлінше пысықтаудың жолдары мен тәсілдері айтылды. Ал, «ПСП Серік» ЖШС-ындағы шағын бизнес өкілдерімен пікірлесу кезінде жұмысшы орындарын сақтап қалумен қатар, адамзат тарихындағы қаржылық дағдарыстардың дамуға айналып отырғандығы, ақырында, мұның өзінің экономикаға жаңа серпін беретіндігі тілге тиек етілді.

DSC_4652Үгіт-насихаттың алғашқы күнінің екінші жартысында ақжолдық үміткерлер жергілікті халықты қабылдап, емен-жарқын ой-пікірлерімен бөлісті. Ашық ақылдасу алаңында дала өркениетінің қалыптасуына себеп болған теңдессіз мұраларымыз бен тың дүниелердің толық зерттелуі қажеттігі, ұлы ойшылдарымыз бен ел басқарған қайраткер бабаларымыздың өмірінің жастарға өнеге екендігі, алдағы уақытта сол асыл қазыналарымызды жарыққа шығарып, халыққа жеткізудің маңыздылығы, еліміздегі төзімділік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері, ағартушылық бағыттағы жұмыстың жастарға пайдалылығы, өте тез қарқынмен дамып, халықтың күнделікті құралдарына айналған ғаламторды тиімді пайдаланудың жолдары жайында келелі кеңес, салмақты әңгіме болды.

P 1«Ақ жол» партиясының басшысы Азат Перуашев партияның жаңадан қабылданған 47 мүшелеріне партия билеттерін тапсырып, құттықтағаннан кейін партия жетекшісінің орынбасары Қазбек Иса екеуі жергілікті халыққа кеңінен танымал «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» және «Начистоту» арнайы бағдарламаларына қатысты.

Алаш арыстарының жарқын бейнелерін еріксіз еске салған ақжол белсенділерінің салмақты сөз, салиқалы уәждері Ақжайық елінің ақжолтай көңілінен шығып, ертеңге деген нық сеніміміз бен нақты қадамымызды айқындай түсті.

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,

Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы.

qazaquni.kz

Мақаланың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді.