Алдағы көктемде бензин бағасы қымбаттауы мүмкін
2016 ж. 23 ақпан
2031
7
Қазақ мұнай және газ институты директорының орынбасары Акбар Тоқаев Қазақстандағы жанармай бағасының қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығармады деп хабарлайды ҚазТАГ-қа сілтеме жасап NUR.KZ.
«Мұнай бағасының тұрақтылығы, Қазақстандағы жанармай бағасының төмен деңгейі, отын бағасын көтеру туралы Венесуэла қабылдаған шешімі және Ресейдің салық саясаты біздің еліміздегі жанармай бағасының көктемде қымбаттауына ықпал етпек", - деп атап өтті Тоқаев ҚазТАГ-қа берген пікірінде.
Маманның айтуынша, мұнай бағасының төмендеуі әлемдік шеңберде 2014 жылдың аяғында - 2015 жылдың басында байқалды.
«Кейіннен мұнай өңдеу маржасының құлдырауы басталып, өзге факторлардың әсері ұлғая берді. Нәтижесінде, Қазақстанмен жиі салыстыратын Канаданың өзінде жанармай бағасы 2015 жылы бір түсіп, бір көтерілді», - деп ескертті сарапшы.
Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанда жанармай құнын көтеру туралы шешім қабылданса, АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы кем дегенде 10 теңгеге қымбаттайды.
«Бірақ, халықтың сатып алу қабілеті де ескеріледі", - деп қорытындылады сөзін Тоқаев.