"Toyota" компаниясы жазаға тартылды
2016 ж. 05 ақпан
3152
0
Toyota АҚШ-тағы Латын Америка, қара нәсілді және басқа да этникалық жағынан аз топтарға 21,9 млн доллар өтемақы төлейтін болады.
Қара нәсілділерге көбірек несие төлеттірген Toyota компаниясы жазаға тартылды
Бұл туралы "Алматы" телеарнасы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы хабарлайды.
Компанияға ұлттарды кемсітті деген айып тағылып отыр. Жапондық компанияның АҚШ-тағы өкілдігі оларға несиені ақ нәсілділерден көбірек төлетіп қойған. Орташа есеппен алғанда афроамерикалықтар әдеттегіден 200 доллар көп төлесе, азиаттар 100 доллар артық қаржы құйған.
Мұндай саясаттың салдарынан бірнеше мың адам зардап шеккен. Десе де, Тойота әлем бойынша сатудан көш басында тұр. Корпорация бұл саясатты аңдаусыз жүргізген-мыс. Алдағы уақытта компания жетекшілері бұл олқылықты жоюға уәде берді.
Дереккөз: Алматы ТВ