Б. Ізмұхамбетов: Мен қулық-сұмдықпен айналыспайтын адаммын
2016 ж. 21 қаңтар
2103
0
“Ақ жайық” басылымында “Миландық катер мен бір үйдің құпиялары” мақаласы шыққан күннің ертеңіне Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өзіне жарияланымның авторын, ІІД және су полициясына катерді жеткізуші фирманың өкілдерін шақырды, - деп хабарлады nur.kz.
Тәуелсіз басылым журналистеріне ешқандай талап қоймайтынын мәлімдеген өңір басшысы бұл кездесуді тараптар пікірін тыңдап, бүкіл елге танымал болған даулы жағдайдың ақ-қарасын айыру үшін ұйымдастырғанын айтты.
Кездесу қорытындысында әкім барлық мүдделі тараптарға өз уәждерін нақты, жазбаша түрде ұсынып, газет бетіне жариялауға кеңес берді.
“Маған ештеңе керек емес, мен ешқандай қулық-сұмдық әрекеттермен айналыспаймын. Президент айтқанша жұмыс жасай беремін”,- деді Атырау облысының әкімі.
qazaquni.kz