Түркия “Ислам мемлекетінің” нысандарын атқылады
2016 ж. 15 қаңтар
2354
1
Армиямыз “Ислам мемлекеті” (ИМ) экстремистік тобының объектілерін атқылады деп хабарлады Түркия. Бұл туралы Азаттық жазады.
Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлуның айтуынша, түрік әскері ақырғы екі күнде ИМ-нің 500 позициясын атып, ол ұйымның 200 адамын өлтірген. Түрік билігі ИМ содырларын шекаралық аудандарынан әрі қуу үшін әуеден де шабуыл жасайтынын айтады.
Түрік әскери-әуе күштері 24 қарашада «Түркия әуе кеңістігін бұзып, ескертулерді елемеді» деген уәжбен Сирияның солтүстік шекарасында Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсіргеннен бері ол маңға ұшақ жібермеген.
12 қаңтарда Түркиядағы Стамбул қаласының орталығында жарылыс болып, кем дегенде 10 адам қаза тапқан,15 адам жараланған.