Еуропадағы мұсылмандар саны 44 миллионға жетті
2015 ж. 29 қараша
2425
0
«PEW» тәжірибе орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Еуропада мұсылмандар саны 44 миллионға жеткен. Еуропа одағының өзінде –19 миллион, деп хабарлайды muslim.kz.
Мұсылмандар ең көп тұратын мемлекет Ресей болып есептеледі. Онда жалпы халық санының 10%-ын құрайтын 14 миллион мұсылман өмір сүреді.
Ал, Еуроодақтың мұсылмандар ең көп өмір сүретін елдері - Франция мен Германия. Ұлы Британияда 2,9 миллион мұсылман өмір сүреді. Бұл арада Франция алдыңғы шепте. Оның жалпы халқының 7,5%-ы мұсылмандар. Болжам бойынша 2030 жылы бұл көрсеткіш 10%-ға артуы мүмкін. Нидерландияда мұсылмандар - 6%, Белгияда - 5,9 %, Германияда – 5,8%, Ұлы Британияда – 4,8%-ды құрайды.Парижге тоқталсақ, қала мен оның айналасында Еуроодақтағы ең жоғары көрсеткіш болып есептелетін 1,7 милионға тарта мұсылман өмір сүреді, деп жазды euromag.ru сайты.