Шоколад қабында мемлекеттік туды бейнелеу дұрыс па?!.
2015 ж. 09 қазан
6002
0
Қазақстандық тәтті құмарлар шоколад қабындағы мемлекеттік тудың суретіне лайықты құрмет көрсетпейді деп мәлімдеді сенатор Сәрсенбай Еңсегенов.
Сенаттың пленарлық отырысында сөз сөйлеген Сәрсенбай Еңсегенов мемлекеттік рәміздерді пайдаланатындарға көңілі толмайтынын жеткізді.
“Мыңдаған кішкентай жалаулар іс-шараларда қолданылады. Кейін оны адамдар таптап, қоқыс жәшігіне лақтырады. Тағам өнімдерінің қабына да мемлекеттік рәміздер пайдаланылады”, – дейді сенатор.
Оған жауап ретінде Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов басын шайқаумен болды:
“Біз тәрбиелік жұмыстар жүргізуіміз керек. Адамдардың сана-сезімін жоғарылату қажет”, – дейді ол.
Еске салсақ, Қазақстандағы мемлекеттік рәміздерді құрметтемейтіндерге 2 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Одан бөлек қоғамдық жұмыстарға тартудан бастап, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да тағайындалуы мүмкін.