Школьник қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» бекеттерінен бензин сатып алмауға кеңес берді
2015 ж. 07 қазан
1713
1
Ол мұндай ұсынысын бүгін «21 ғасырдың ядролық технологиялары және таратпау мәселелері» атты халықаралық конференция аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында жасады.
«Меніңше, қазіргі нарықтық баға. Біздің барлығымыз мұның біреулерді бағаны көтергісі келгендігінен жасалмағандығын түсінеміз. Ең бастысы нарықта бензиннің болғаны. Естеріңізде болса, мен сіздерге айтқанымдай, біздер бағаның бұдан да жоғары болатындығын күткен едік. Бұл ретте біздің мемлекеттік органдар жақсы жұмыс істеп, бұған дейін арзан бағаға әкелінген бензин құнының көтерілуіне жол бермеді», – деді Школьник.
Оның атап өтуінше, бұл мәжбүрлі шара. Өйткені, еліміз жетіспейтін бензинді сырттан тасымалдап отыр. Ал сырттан әкелінетін бензиннің көтерме бағасы елімізде белгіленген шекті бағадан біршама қымбат.
«Егер бензин бағасы көтерілсе, онда бізде жетіспейтін жанармайдың келесі партиясы қымбат бағаға сатып әкелінді деген сөз. Сондықтан нарықта құбылмалылық орын алуда. Мәселен, мен демалыс күні жанармай құю бекеттерін аралап шықтым. Бензин бағасы литріне 122 теңгеден 130 теңгеге дейінгі аралықта. Бұл орайда мен не істеді дейсіздер ғой, бензин литрі 122 теңге тұратын бекеттен алдым», – деді министр.
Сонымен қатар БАҚ өкілдері бензин бағасын ең бірінші болып ҚазМұнайГаз бекеттері көтергендігін айтып еді. Школьник «олардың қаржылық жағдайлары солай болған ғой. Онда олардан сатып алмаңдар» деп жауап берді.