АҚШ Федералды қор жүйесі долларға қатысты шешім шығарды
2015 ж. 18 қыркүйек
2083
0
АҚШ-тың Федералды қор жүйесі есептік мөлшерлемені рекордтық төмен деңгейде сақтап қалды – жылдық пайыз 0–0,25.
АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің (ФҚЖ) Ашық нарықтар бойынша комитеті федералды несиелер бойынша негізгі мөлшерлемені рекордтық төмен деңгейде сақтап қалды — жылдық 0–0,25%. Бұл туралы ФҚЖ баспасөз хабарламасында айтылған деп жазады РБК.
Дегенмен бұл көрсеткіш 2015 жылдың аяғына дейін өзгеруі мүмкін. ФҚЖ-ның межелі болжам кестесі мөлшерлеменің 0,4%-ға дейін көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды деп жазады Дни.ру Интерфакс-қа сілтеме жасап.
АҚШ-тың ФҚЖ Ашық нарықтар бойынша комитетінің шілдедегі көрсеткіштері негізінде жасалған ақпаратына сәйкес, экономикалық дамудың қарқыны бірқалыпты деңгейде жүріп жатыр. Сонымен қатар негізгі капиталға инвестициялар мен үй шаруашылығына тұтынушылық шығындардың дамуы да бірқалыпты деңгейде. Тұрғын үй секторы оңтайлы көрсеткіштерге жетсе, таза экспорт көрсеткіштері төмен деңгейде.
АҚШ-тың ФҚЖ-сы Ұлттық банктің рөлін орындайды. Сол себепті оның негізгі мөлшерлемесі коммерциялық банктерге несие беру кезінде пайдаланылады. Мөлшерлеме төмен болған сайын, қаражат та қолжетімді болады. Ал жоғары болған сайын валюта қымбаттай түседі.
Егер оны сарапшылар болжағандай жоғары етіп қойса, Қазақстанда бірінші кезекте доллардың қысымын өндіруші сектор, өндіріс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығы сезетін еді.
Бұған дейін сарапшылар пайыздық мөлшерлеме жоғарыласа, әлем бойынша қор нарығы құлдырай бастайды деген болжамдарын жасаған болатын.
Дереккөз: NUR.KZ