Қостанай облысының әкімі ауысты
2015 ж. 11 қыркүйек
3417
2
11 қыркүйек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады. Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы туған. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-электрик, қаржы бакалавры. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылғы 22 шілдесінен осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған.Дереккөз: ИА "Казинформ"