Бозымбаев: Мен ұлымды мұндай іске баратындай етіп тәрбиелеген жоқпын
2015 ж. 01 қыркүйек
2211
2
Павлодар облысы әкімінің ісі бойынша соталды тергеу біткеннен кейін, шенеуніктің ұлы бойжеткенді зорлағанын бірінші болып жария еткен “Версия” газетінің редакторы Ярослав Голышкин ресми түрде күдікті деп танылды.
Бұл туралы «Караван» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
20 ақпан күні түнде Кенжекөл ауылына жақын жерде бойжеткен зорланды. Бұл қауесеттің шындыққа жанасуын «Версия» басылымының редакторы Ярослав Голышкин анықтауға тырысқан.
Голышкин бизнесмен Нұржан Сүлейменов арқылы зорланған бойжеткенді тауып, одан сұхбат алған. Кейін бұл жайт туралы кішігірім ақпаратты басылымға жария еткен.
Наурыздың аяғында Қанат Бозымбаев полицейлерге өзін бірнеше адам бопсалағанын айтып, шағым түсірді. Полицейлердің орнына тергеуге ҰҚК кіріседі.
Сол күні интернетте зорлауға қатысты прокуратура түсінктемесі берілген ақпарат жарияланды. Онда зорлаушы әкімнің ұлы емес, жігіттің танысы екені айтылады. Прокуратура Дәурен Алдабергеннің куәгер екенін айтады.
Сол арада жалған террорлыққа қатысты сотталған Алмаз Нұрбаевтың ісі қайта тергеуге алынады. Сотталушы бұл қылмысты ұйымдастырған мемлекеттік қызметкер Асқар Бахралинов деген мәлімдемесін жасаған. Ақырында бұл іс бопсалаушылық ісімен біріктіріліп қаралады.
Шілденің аяғында бизнесмен Сүлейменов Бозымбаевтан кешірім сұрағаны үшін жазасы жеңілдетіліп, үй қамағына алынды.
Сонымен қатар прокуратура зорлаудың әкім резиденциясында болғанын жоққа шығарды. Әкім Бозымбаев бұл жайтқа қатысты түсініктеме беруден ұзақ уақыт бас тартып келген.
«Мен баламды осындай іске баратындай етіп тәрбиелеген емеспін», – деді облыс басшысы.
Еске салсақ, Қанат Бозымбаев бопсалаушылық туралы атышулы істе зардап шегуші деп танылған. Күдіктілер арасында 6 адам, оның ішінде зорланушы мен оның құрбысы да бар.
Барлығы шенеунікті видеоны жария етумен бопсалады деп айыпталуда. Видеода бойжеткен әкім резиденциясындағы аймақта Бозымбаевтың ұлы Дәурен Алдабергеннің зорланғанын мәлімдейді.
Шенеуніктен 500 мың доллар бопсалады деп «Версия» газетінің редакторы Голышкин, бизнесмен Нұржан Сүлейменов, полицияның бұрынғы қызметкері Фархат Алиясов, Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов, зорланушы Анфиса Хафизуллина және оның құрбысы Эльмира Күлиева күдіктелуде.
Анфисаның анасы қызы мен оның құрбысын ҰҚК конспиративті бөлмеде заңсыз қамауда ұстағанын мәлімдеген болатын. ҰҚК өкілдері бұл куәгерлерді қорғауға алу шарасы екенін алға тартты.