Байбек Алматының кейбір көшелерін ақылы қылмақ
2015 ж. 11 тамыз
2284
7
Алматы əкімі Бауыржан Байбек мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 9 тамызда айтқан тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бірнеше бағытта жұмысты жандандыра түсуге тапсырма берді.
Қала басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, Бауыржан Байбек инвестиция тартуды күшейте түсіп, жаңа өндіріс орындарын көбейтіп, ШОБ-қа көрсетілетін мемлекеттік қолдауды нығайта түсуді тапсырды.
Сондай-ақ, универсиада ойындарына қажетті спорт нысандарының құрылысын дер кезінде аяқтап, көлік инфрақұрылымын нығайтуға баса мəн берді.
Сонымен қатар қала басшысы қаланың криминогендік ахуалын жақсартып, туристік әлеуетін арттырудың маңыздылығын жеткізді.
“Қала басшысы кей көшелерде автотранспортты ақылы ету мәселесін қарастырып, шаралар қолдануды тапсырды және жергілікті бюджеттің қаржысын мақсатты түрде жұмсап, салық жəне өзге де төлемдердің дұрыс түсуін қадағалау қажеттігін айтты”, – делінген хабарламада.
Жаңа əкім Бауыржан Байбектің президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” жолдауын жүзеге асырудың маңыздылығын ескертіп, Алматы қаласын дамытуды əлемдік дағдарысты ескере отырып жүргізу қажеттігін атап өтті.
Дереккөз: ИА "Казинформ"