Талғат Ермегияевті «Нұр Отан» партиясынан шығару мәселесі талқылануда

Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылып отырған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев әзірге «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылған жоқ.

3199A114-FE4F-44E1-96F8-22BA8D33B511_mw1024_s_n

Фото: azattyq.org

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Бұл мәселе қазір Талғат Ермегияев тіркелген біздің «Бірлік» аумақтық филиалында талқыланып жатыр. Онда жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің отырысынан кейін шешім шығарылады. Біз бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 11 маусымда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын.

12 маусымда оны «үйқамаққа» алу туралы сот үкімі шықты. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 176-бабы (сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену немесе ысыраптау) бойынша айып тағылған.

Дереккөз: ИА "Казинформ"