Сайғақтардың қырылуын зерттеу кезінде екінші белгісіз шар табылды
2015 ж. 16 шілде
3432
3
Киіктердің жаппай қырылуынан кейін Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы ұйымдастырған экспедиция барысында белгісіз шар табылды деп хабарлады “Наша газета”.
Бұл жануарлардың 130 000 астамының қырылуы – биологиялық апат. Сайғақтардың жаппай қырылуы бұл жерлерде қауіптің ерекше факторы пайда болды деген ойдың тууына себеп болды.
Мұны анықтау үшін экспедицияның 9 мүшесі еңбектенді. Олардың ішінде зоологтар, инфекциялық аурулар және зымыран-ғарыш қызметі бойынша мамандар болды.
Экспедиция жұмысы 27 маусымда Қызылорда облысында басталып, 12 күнге созылды.
Экспедицияға қатысқан Франкфурт зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутар Торғайда олар бұған дейін жайлауда тапқан шардың екіншісін байқағанын айтты. Оны радиациялық қаупін тексерген, шар Амангелді ауданының полициясында сақтаулы тұр.
Экспедицияға қатысушылардың сөзіне қарағанда, киіктердің қырылуына оның еш қатысы жоқ.
Дереккөз: ИА "Казинформ"