Мәжілістің құзыры күшейіп, сот пен конституциялық реформалар жүргізіледі
2015 ж. 28 сәуір
1916
0
«Қазақстандағы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауынан кейін әдеттегіше өзгерістер болады. Үкіметте кадрлық өзгерістер мен қайта құрылымдаулар жүргізіледі. Бірінші кезекте Үкімет отставкіге кетеді. Бұдан кейін жаңа кадрлық тағайындаулар болады және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыратын комиссиялар құрылады. Министрліктердің құрылымдары өзгереді. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі жаңа агенттік пайда болады. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданады. Бұдан кейін сот пен конституциялық реформалар жүргізіледі. Мәжілістің рөлі бірден артады. Менің ойымша, оның тексеру жүргізу, Үкіметтен есеп алу өкілеттігі күшейеді».