Рахат Әлиевтің өз-өзін өлтіргені ресми түрде расталды
2015 ж. 25 ақпан
1500
0
Австриялықтар Қазақстанның осы елдегі бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің өзін өзі өлтіргенін ресми түрде растады деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
"Австрияның әділет министрлігі Рахат Әлиевтің Йозефштадт түрмесіндегі жалғыз адамға арналған камерада өзіне қол жұмсағанын ресми түрде ауызша растады. Осыған орай, австриялық құқық қорғаушылар тергеу амалдарын жүргізеді деп ойлаймыз. Біздің елшіліктегі өкілдер Австрия билігіндегі ресми тұлғалармен оқиғаның мән-жайын анықтай түсу үшін байланыста болады", - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, Рахат Әлиевтің денесі 24 ақпанда таңғы сағат 07:20-да табылған болатын.