“Шетелдегі 5 миллионнан астам ағайынды алаңдатып отырған “Көші-қон туралы” заңды бүгін мәжіліске қазақ тілінде сөйлемек түгілі, түсінбейтін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі таныстырды. Дәулет Арғындықов оралмандардың азаматтық алуы туралы қазақша сауалдарды ұға алмай, оған депутаттардың орыс тіліне аударып беруіне тура келді”, – деп хабарлады 31 телеарна жаңалықтары.
Елбасы тапсырмасына қарсылық танытып, қазақ намысын таптаған Уразов жазалансын!!!
2015 ж. 16 ақпан
5715
35
ҚР Парламені Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа! ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Х.Жақыповқа! ҚР Жоғары Сотының Төрағасы Қ.Мәмиге!
13-ақпан күнгі Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұсаукесер жиналысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самиголла Хамзаұлы Уразовтың қандастарымыз туралы "Қазақша айтқанда саны бар да сапасы жоқ. Келгендердің 70 пайызы жұмыссыздардың қатарын толықтырады. Олардың саны бізде онсыз да 2 жарым миллионнан асады" деген сөзі жалпақ әлемге жария болды.
Ал, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi 64-бабының 1-тармағында былай деп жазылған:
«Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалса - бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады».
Сондықтан, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қандастарымызға жол ашуымыз керек. Қазақтың жері кең. Орналасамын деген жерін өзі таңдасын!» деген тапсырмасына қарсылық танытып, қандастарымыздың намысын таптап отырған мынадай депутатты депутаттық мандатынан айырып, қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартуларыңызды сұраймын!!!
Ауыт МҰХИБЕКҰЛЫ
qazaquni.kz