Алтынбек Сәрсенбайұлының қаза тапқанына - 9 жыл
2015 ж. 13 ақпан
2908
0
2006 жылы 11 ақпанда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев жоғалып кетті. Ақпанның 13-інде үшеуінің өлі денесі Алматы облысы Талғар ауданының аумағынан табылды. Азаттық архивіндегі суреттерден фотогалерея.
Алтынбек Сәрсенбайұлы (ортада) өзі теңтөрағасы болып сайланатын "Ақ жол" партиясының үшінші съезінде отыр. Алматы. 2004.
Алтынбек Сәрсенбайұлы "Ақ жол" партиясы съезінде сөйлеп тұр. Алматы. 2004.
Алтынбек Сәрсенбайұлы (екінші қатарда сол жақтан үшінші) демалыс уақытында.
"Әділетті Қазақстан" қозғалысының жиынында. Алтынбек Сәрсенбайұлы сол жақтан төртінші отыр. Алматы. 2005.
Алтынбек Сәрсенбайұлы "Хабар" арнасымен сот кезінде. Алматы. Мамыр 2005.
Алтынбек Сәрсенбайұлы оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің жаназасы кезінде. Алматы. 15 қараша 2005.
Алтынбек Сәрсенбайұлы (оң жақта) пен көмекшісі Бауыржан Байбосын Шәмші әндері кешінде отыр. Алматы. 2005.
Алтынбек Сәрсенбайұлының соңғы суреттерінің бірі. Алматы. 8 ақпан 2006.
Алтынбек Сәрсенбайұлының соңғы суреттерінің бірі. Алматы. 8 ақпан 2006.
Алтынбек Сәрсенбайұлы мен қаза тапқан серіктерінің құрметіне қойылған мүйіс.
Cеріктері мен туған-туыстары Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында марқұмға бағыштап құран оқып отыр. Алматы, 11 ақпан 2012.
azattyq.org